г. Павлодар,
ул. Ген. Дюсенова, 4,
8 (7182) 53–25–49
МИССИЯ, КӨРІНІС, СТРАТЕГИЯ

 

«Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжі» КеБМ миссиясы:

Заманауи жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келетін және еңбек нарығындағы өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделе алатын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті орта деңгейдегі мамандарды даярлау үшін қолайлы жағдайлар жасау

Көрініс:

Орта деңгейдегі мамандарды даярлау бойынша бәсекеге қабілетті оқу орны болу

Стратегиялық мақсат:

Колледж бітірушілеріне бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде қолғабыс көрсету

Колледж жұмысының стратегиялық бағыттары айқын анықталған:

• «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы Мәңгілік ел – ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында еліміздің тағдырына жауапкершілік сезімі бар, ықпалдастыққа және мәдениаралық қатынасқа қабілетті, өзіндік шешім қабылдай алатын білімді көшбасшы қасиеттері бар тұлғаны даярлауға бағытталған колледждің оқу-тәрбие үрдісінде кешенді іс-шараларды ұйымдастыру;

• Кәсіптік стандарттар талаптарына сәйкес бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, педагогтар мен студенттердің тұлғалық және кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге жағдай жасау; 

• Болашақ маманның рухани-адамгершілік құндылықтарын, интеллектуалдық және дене мүмкіндіктерін ашуға, денсаулық сақтау, ақпараттық-оқыту ортасын жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау;

• Оқытудың жаңа технологияларын, электрондық оқулықтар мен электрондық-әдістемелік жүйелерді оқу-тәрбие үрдісіне енгізуді жалғастыру, мультимедиялық кабинеттердің жұмысын жетілдіру;  

• Электрондық басқару мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру;

• Колледж түлектерінің бірнеше мамандық алып шығуларына, үш тілді меңгерулеріне мүмкіндік жасау, тереңдетілген шет тілін оқытуды жалғастыру;

• Педагогикалық менеджмент негіздерін оқу-тәрбие үрдісіне енгізу;

• Әлеуметтік серіктестермен өзара белсенді қарым-қатынас жасау, координациялық кеңестің жұмысын жалғастыру; 

• Жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың азаматтық және әлеуметтік белсенділігін көтеру жұмысын жалғастыру;

• Педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, өзін-өзі бағалау жұмысын жүйелеу;

Колледжде студенттер контингентін сақтау, оқу-тәрбие үрдісінде АКТ пайдалану және электрондық-әдістемелік жүйе жасақтау, халықаралық және әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым-қатынас орнату  бағытында  жұмыстар мақсатты жүргізіледі. 

Білім сапасын көтеру бағытындағы колледждің мақсаты: болашақ мамандардың рухани, интеллектуалдық және кәсіби мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасау, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, құзыретті маман дайындау. 

Міндеттер:

• Білім сапасының стратегиясын, білім беру мазмұнын өзгерту;

• Денсаулық сақтау ортасын құру;

• Ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыратын әлеуметтендіру ортасын құру;

• Сапалы білімді меңгерту мақсатында ақпараттық оқыту ортасын құру, ақпараттық қормен жұмысқа ұжымды дағдыландыру;

• Студенттер мен оқытушылар үшін автоматтандырылған жұмыс орнын жасақтау; 

• Жеке тұлғаны қалыптастыруда, қоғамдағы «студент–педагог-ата-ана» арақатынасының тиімді нәтижеге жетуіне жағдай туғызу;

• Креативті ойлауды, әдістемелік, педагогикалық және басқару кәсіпкерлігін арттыру, тұлғалық-кәсіптік құзыреттіліктерін қалыптастыру, оқыту мазмұны мен технологиясын жаңарту негізінде білім сапасын көтеру; 

• Бар қорды тиімді пайдалану, қосымша қаражат тартуды қамтамасыз ететін жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерді енгізу, колледждің инновациялық әлеуетін арттыру; 

• Жаңартылған басқару талаптарын енгізу. 

Күтілетін нәтиже /болашақ маман моделі/:

• еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, жауапты, өз кәсібін және үш тілді еркін меңгерген орта буын маманы;

• кәсіптік стандарт талаптарына сәйкес тиімді жұмыс жасай алатын, үнемі кәсіби өсуге, өмір бойы білім алуға, әлеуметтік және кәсіптік ұтқырлыққа дайын маман;

•  ТжКББ ұйымдарының арасындағы колледждің тұрақты рейтингі, имиджін көтеру. 

Колледж қызметінің негізгі бағыттары: білім беру қызметтерін ұсыну; тәрбие жұмысы; әлеуметтік серіктестік және педагогтар, 

қызметкерлер, студенттер мен басқаларды әлеуметтік қорғау. 

Колледж қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау келесі бағытта жүргізіледі:

• ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыратын әлеуметтік орта;

• денсаулық сақтау ортасы;

• ақпараттық оқыту алаңы;

• үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру ортасы;

• үздік білім алушылар мен оқытушылардың жұмысын бағалау, зерделеу т.б.

Ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыратын әлеуметтік ортаның міндеттері:

• Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; 

• жеке тұлғаны қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; 

• ақпараттық мәдениетін қалыптастыру; 

• қалыптан тыс жағдайдан жол тауып шығуға үйрету, оқу бағдарламасын модулдеуді үйрету; 

• ақпараттық оқу алаңын құруды үйрету; білім алушыларды жүйелі ойлауға бағыттау; 

• өзін-өзі басқаруға, басқару дағдыларын қалыптастыруға үйрету. 

Денсаулық сақтау ортасының міндеттері:

• студенттер мен педагогтардың, қызметкерлердің денсаулығын сақтауға жағдай жасау;

• колледжде санитарлық- гигиеналық талаптарға сай тазалық, тәртіп орнату;

• спорт секциялары мен клубтары жұмысын белсендіру;

• спорттық материалдық базаны кеңейту.

Болашақ мұғалімдерді ақпараттық оқыту алаңында жұмыс жасауға тарту:

• оқытушылар мен оқушылар үшін автоматтандырылған жұмыс орнын жасақтау;

• болашақ мұғалімдердің әдістемелік жұмысқа дайындығы диагностикасының автоматтандырылған бағдарламасы негізінде педагогтардың біліктілік деңгейін көтеру;

• оқу жоспарындағы өз таңдауы бойынша пәндеріне бөлінген сағаттарды болашақ мұғалімдердің ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы шешу құзыреттіліктерін дамытуға бөлу;

• жаңа қоғам мұғалімі- ұйымдастырушысы (супервайзер) моделі негізінде студенттерді педагогикалық қызметке дайындау.

Көптілдіктіл саясатын жүзеге асыру:

• ең жоғарғы деңгейде шетел тілін оқып-үйренуге жағдай жасау;

Үздік білім алушылар мен оқытушылардың жұмысын бағалау, зерделеу:

• Оқытудың, әр білім алушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін құрастыру;

• облыстық, республикалық байқауларға, сайыстарға белсенді қатысуға жағдай жасау;

• педагогтардың жұмысын бағалаудың рейтинг жүйесін жетілдіру;

• педагогтардың әдістемелік портфолиосын толықтыру;

• нәтижеге бағытталған білім беруде “педагог - студент” интерактивті қарым-қатынасын жүзеге асыру