Құрметті достар, біздің колледж қашықтықтан оқытуға көшті. Колледждің барлық педагогикалық ұжымының алдында келесі сұрақтартуындады:
Студент үшін де, мұғалім үшін де қандай платформаны қолдану жеңіл және ыңғайлы?
Google Classroom-ды ұсынамыз
Google Classroom платформасы- арнайы оқу үрдісіне арналған Google-нің пайдалы сервистерін біріктіреді.
Платформада оқытушылар жасай алады:
- өзінің класын/курсын құра алады;
- студенттердің курсқа қатысуын ұйымдастырады;
- студенттермен қажетті оқу материалымен бөлісе алады;
- студенттерге тапсырмалар ұсына алады;
- оқушылардың тапсырмаларын бағалайды және үлгеріміндегі жетістіктерін бақылай алады;
- студенттердің қарым-қатынасын ұйымдастыра алады.
Ал студенттерге – бұл жақсы мүмкіндік береді:
- өз үлгерімін қадағалауға;
- оқытушымен онлайн қарым-қатынас жасауға;
- аккаунттан шықпай-ақ жауап жазып, тексеріске жібере алады.
Құрметті студенттер, тапсырмаларды уақытында орындауды ұмытпаңыз, өйткені тапсыруа уақыты шектеулі. Сұрақтар туындаса жеке пән мұғалімінің өзіне қоюға болады.
ХХІ ғасырда қажет дағдылар мен құзыреттерді бірлесе көрсетейік.
Біз жеке гигиена туралы да еске түсіріп қояйық. өшеде әр сапардан кейін қолыңызды жууды ұмытпаңыз, антисептикалық немесе оның аналогтарын қолданыңыз. Сатып алғаннан кейін өнімдерді жақсы тазалаудан өткізіңіз. Өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасаңыз.