БЕКІТЕМІН
Павлодар гуманитарлық-
педагогикалық колледжінің
директоры _________А. Рубцов
2020 ж. «____»____________
2020-2021 оқу жылына арналған
Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжiне
қабылдау ережесi
1. Жалпы ережелер
- 2020-2021 оқу жылы Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжіне оқуға қабылдау ережесі Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі заңына сәйкес (2016 жылғы 9 сәуірдегі өзгертулер мен толықтырулар бойынша), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын дамытатын типтік ережелер негізінде, Павлодар облысы әкімшілігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 153/5 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.
2. Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжіне Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ, негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орташа (орташа жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіби) білімі бар азаматтар қабылданады.
3. «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысы негізінде оқуға түсуде қабылдау квотасы қарастырылады:
- 1 немесе 2 - топтағы мүгедек азаматтар, бала кезінен мүгедек, мүгедек балалар - 1 %;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін жеңілдіктер мен кепілдемемен теңестірілетін тұлғалар - 0,5 %;
- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандығы бойынша келген жастардан тұратын азаматтар- 30 %;
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелмейтін ұлты қазақ тұлғалар- 2 %;
- балалар – ата-ана қарауынсыз қалған балалар және жетімдер - 1 %.
4. Колледж 2020-2021 оқу жылына күндiзгi және сырттай бөлiмдерге мына мамандықтар бойынша оқушыларды қабылдайды:
- 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»;
- 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»
- 0105000 «Бастауыш білім беру»
- 0105033 «Шетел тілі пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі»
- 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
- 0501000 «Әлеуметтiк жұмыс»;
- 0501023 «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының маманы»
- 0512000 «Аударма iсі»;
- 0512013 «Аудармашы»
- Колледжде оқуға қабылдаудың тәртібі
5. Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжіне қабылдау, түсу емтихандарын жүргізу және талапкерлерді оқушылар құрамына енгізу мәселелерi қабылдау комиссиясының 5.01.2020 жылғы № 1-02/1 бұйрығы бойынша құрылып, жұмысын жылдың 1 маусымынан бастайды.
- Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру аймақтарға сапар шегумен де жүзеге асырылады.
- Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай нысаны бойынша 30 қыркйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымдарының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.
- Колледждің іштей бөліміне түсуге өтініштер 20 маусымнан 25 тамызға дейін, ал сырттай бөлімге 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Іштей бөлімнің қабылдау емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, сырттай бөлімнің емтихандары 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
- Оқуға түсушiлер оқуға қабылдау туралы өтiнiшіне бiлiмi туралы құжаттың түпнұсқасын, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (1 және 2 топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәребесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
- шетелдік- шетелдіктің Қазақстан Респубикасында тұруға ықтиярхат;
- азаматтығы жоқ тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
- босқын – босқынның куәлігі;
- пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
- оралман оралман куәлігі.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан, бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы 15-тармақта көрсетулген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
- Түсу емтихандары түсушілерге және:
- жалпы орта білім 1-ші Қосымшаға сәйкес
- негізгі жалпы білім 2-ші Қосымшаға сәйкес
- мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша тестілеу түрінде өткізіледі;
- мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
11. Түсу емтихандары түсушілердің өтініштеріне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
12. Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
- әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады.
13. бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжінде 5.01.2020 жылдан № 1-02/1/3 апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келiспеген тұлға шағым білдіруіне болады.
Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.
14. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
3. Білім алушылар құрамына қабылдау
15. Білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде іштей бөлімге 25 тамыздан 30 тамызға дейін, сырттай бөлімге 15 қыркүйектен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Конкурс:
- осы жылдың ҰБТ сертификаттарының негізінде;
- ЖОО-на түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;
- колледжде өткізілген тестілеудің балдары негізінде;
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Ереженің 9- тармағына сәйкес балдар сомасы ескеріледі.
Негізгі жалпы білімдері бар үміткерлер, бірақ екі пәннен кемінде 20-25 ұпай алғандар және жалпы орта білімдері барлар үш пәннен кемінде 30-35 ұпай алған үміткерлер оқушылар құрамына қабылдау сайысына босатылмайды.
16. Павлодар гуманитарлық-педагогикалыық колледжінде қабылдау әр мамандық бойынша оқу тiлi негiзiнде сайыспен жеке қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүзеге асырылады.
17. Павлодар гуманитарлық-педагогикалыық колледжі Павлодар облысының Білім беру басқармасына статистикалық есептерді белгіленген мерзімдер мен формаларға сәйкес ұсынады, ал қабылдау өткізілгеннен кейін он күн ішінде ұйым және оқушыларды қабылдау бойынша мәтіндік есеп тапсырады.
18. Осы ережелермен регламенттелмеген сұрақтар Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжінің қабылдау комиссиясымен шешіледі.
Қабылдау комиссиясының
жауапты хатшысы: ______________ Тимофеева Л.И.
Қосымша 1
Күндiзгi және сырттай оқыту бөлiмiне жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер төмендегiдей емтихандар тапсырады:
- 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»: орыс немесе қазақ тілі, биология, Қазақстан тарихы;;
-
0105000 «Бастауыш білім беру»
- 0105013«Бастауыш білім беру мұғалімі»: орыс немесе қазақ тілі, Қазақстан тарихы және математика;
- 0105033 «Шетел тілі пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі»: орыс немесе қазақ тілі, Қазақстан тарихы және шетел тілі (неміс немесе ағылшын);
- 0501000 «Әлеуметтiк жұмыс»: орыс немесе қазақ тілі, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы;
- 0501000 «Аударма iсі»: орыс немесе қазақ тілі, Қазақстан тарихы және шет тiлi (неміс немесе ағылшын);
Қосымша 2
Күндiзгi және сырттай оқыту бөлiмiне негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер тестілеу түрінде төмендегiдей емтихандар тапсырады:
- 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»: орыс немесе қазақ тілі, орыс немесе қазақ әдебиеті;
- 0105000 «Бастауыш білім беру»
- 0105013«Бастауыш білім беру мұғалімі»: орыс немесе қазақ тілі және математика;
- 0105033 «Шетел тілі пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі»: орыс немесе қазақ тілі және шетел тілі (неміс немесе ағылшын);
- 0501000 «Әлеуметтiк жұмыс»: орыс немесе қазақ тілі жәнеҚазақстан тарихы;
- 0501000 «Аударма iсі»: орыс немесе қазақ тілі және шет тiлi (неміс немесе ағылшын);